Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ИМАМДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҮЛГІДЕ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ (ФОТО)
09 қараша, 2018 жыл 111 Басып шығару нұсқасы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Тараз қаласында Сараптау комиссиясының жұмысына қатысты.
 
"Аттестация мақсаты - дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау. Білімін дəлелдей алмаған имамды қайта оқыту курсынан өткіземіз", - деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.
 
Айта кетейік, Жамбыл облысына қарасты 400-ден астам дін қызметкері арнайы əзірленген электронды тест жүйесімен сынақ тапсырды. ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбеттің айтуынша, аталған жоба Сараптау комиссиясының жұмыс тиімділігін арттыруда.
 
"Электронды тест сұрақтарында ақида,  фиқһ, заң, ҚМДБ құрылымына қатысты сауалдар енгізілген. Имамдар бұған қоса ауызша емтиханнан өтті", - дейді Н.Əуезханұлы.
 
Сараптау комиссиясына наиб мүфти Алау Əділбай төрағалық етті.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары