Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарлық имамдар мен мешіт іс басқарушылары бас қосты
06 қараша, 2018 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Павлодар имадары және мешіт іс басқарушыларының  кезекті басқосуы аптаның алғашқы күні өтті. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы олардың алдына кезек күтіп тұрған басты  іс-шаралар болған жылдық есепті тапсыру, ҚМДБ басылымдарына жазылу, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтіп жатқан ауыл имамдарының апталық курсына имамдарды уақытында толық қамту және зекет мәселесін жыл соңына дейін  реттеуді басты міндет етіп жүктеді.

Сонымен қатар, қала мешіттері жат ағымға қарсы насихатты пәрмендендіру мақсатында әр аптаның дүйсенбі күндері жамағат арасына кезекпен ауызашар ұйымдастыру, мешіт қызметшілері және жамағаттан құралған командалар арқылы спорттық шаралар жүргізу т.б көптеген міндеттерді атап өтті.

Мешіт мүлкі мен құжаттарының реттелуі, қайырымдылық іс-шаралар және өткізіліп жатқан акциялар туралы нақты анық мәліметтер беру тапсырылды. Сонымен қатар, жыл бойғы жұмыс қорытындысы ретінде қарастырылатын «Жылдың үздік имамы» байқауының барысы, Мәуліт мерекесіне байланысты бірталай шешімдер қабылданды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары