Кеше Нұр-Мүбарак университетінде Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры докторант әрі оқытушы Асқар Сабдин арнайы дәріс ұйымдастырды.
Тәжірибелі ғалым болашақ дін мамандарына қазіргі қазақ қоғамында кездесетін «діни ауытқушылықтар» туралы кеңінен түсіндірді. Рухани вакум салдарынан дұрыс діни түсінік кемшіндігінен жат ағым жетегіне кетіп, сыртқы саяси мүдделер құрбанына айналған қаракөздер баршылық. Олардың басты қателіктерін ғылыми тұрғыда түсіндіріп берген тәжірибелі теологты студенттер аса ынта-ықыласпен тыңдады.
Тәжірибелі теолог жастарға «Дəлелім бар» деген стереотипті түсіндіріп, «бұл сөздің экстремизммен қандай байланысы бар?» деген сұраққа нақты ғылыми негізде жауап берді. ДАИШ-ке барып келген жазасын өтеушілер жайлы бейнеролик дәрістің құндылығын арттыра түсті.
Дәріс соңында Экстремизмнің алдын алу саласына қатысты жобаларға сай тереңірек жұмыс жасауға ынталы жастардан шағын топ та құрылды. Студенттер білімді тереңдетіп, дүниетанымды кеңейтетін осындай қосымша дәрістердің дәстүрлі түрде өтуіне тілек білдірді.
Пікірлер