Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Стамбулда әлемдегі ең үлкен әуежай ашылды
02 қараша, 2018 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған әлемдегі ең үлкен әуежайды ашты деп хабарлайды The Independent. 

Президент Ердоғанның айтуынша, әуежай әзірге бір жылда 90 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Ал 10 жылдан соң жылына 200 млн жолаушыға қызмет көрсету жоспарлануда. Бұл әлем бойынша ең үлкен саналатын АҚШ-тағы Атланта әуежайының трафигінен екі есе үлкен көрсеткіш.

Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа әуежайдан алғаш рет үш бағытта: Анкара, Анталья және Измирге сапарын бастамақ. Сондай-ақ Баку мен Эрджан әуежайына да рейс жасайды. 

Әуежайдағы жолаушыларға арналған терминал көлемі - 1,3 млн шаршы метр, 88 телетрап, 12 мың орындық көлік орны, 2 ұшу-қону жолағы мен 8 жермен жүру жолдары іске қосылаған. 

"Стамбул" немесе "Үшінші әуежай" деп аталған халықаралық әуежайдың құрлысы 2023 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары