Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имам Азамат Серікбайұлы және «Зекет қоры» басшысы Серік Қаратайұлы мешіт қызметкерлерімен бірге Рудный қаласындағы Қостанай облыстық «Балалар үйіне» арнайы қайырымдылық іс-шарасымен барып, ондағы тәрбиеленуші балалармен кездесіп, сұхбаттасып, олардың алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестігін жеткізді.
Сондай-ақ денсаулық кепілі спортпен шұғылданатын азаматтар болсын деген ниетпен балаларға спорт аяқ қиімдердін сыйға тартты. Бүлдіршіндердің бір сәт қуанышына куә болды.
Пікірлер