Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетіне Алматының бас имамы арнайы келді
30 қазан, 2018 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Алматы қаласының бас имамы, Құран хафизі Еркінбек Шоқай мырза арнайы ат басын тіреді. Жаңадан тағайындалған университет басшылығына ізгі тілекпен келген бас имамды проректор, доцент Қайрат Құрманбаев қабылдап, біршама жоспарлар жайлы талқылап өтті. Құрметті қонақты  ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қабылдады.  Еліміздегі ең үлкен мегаполистің бас имамы мен  қазақ еліндегі қызметіне кіріскеніне көп болмаған профессор Мухаммад аш-Шаххаттың ортақ әңгімесі де көп болды. Негізгі сұхбаттасу университеттің тыныс-тіршілігі, шәкірттердің білімі мен сапасын арттырудан басталып, оқу орны мен Орталық мешіт, Алматы мешіттері арасындағы өзара байланысқа қатысты жалғасты. Себебі университет шәкірттерінің негізгі құрамы өндірістік тәжірибелерін мешіттерде  өтетіндіктен, бұл білім сапасын арттыруда аса маңызды.

Алматы қаласының мешіттері мен университет шәкірттері арасында тығыз байланыс екі тарапқа да тиімді. Студенттер тәжірибе жинаса, күн сайын қатары көбейген жамағатпен жұмыс істеуде имамдарға да септігі тиеді деген сенімдеміз. Сондай-ақ Сіздің ислам әлеміндегі еңбектеріңізді саралап, біліміңізден Алматы тұрғындары да сусындаса деген ниетіміз бар, - деді бас имам Еркінбек Шоқай мырза.

Өзара сұхбат барысында ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат мырзаға Алматы мешіттерінде жұма хұтбасы алдында уағыз жасауға, университет жанындағы Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінде аптасына бір күн дәріс өткізуге ұсыныс жасалды:   

Біз шәкірттердің тек біліммен ғана шектелмей, жамағатпен жұмыс істеуін де назарда ұстаймыз. Сондықтан біз дін жолында ғана емес, білім саласында, маман даярлауда қашанда мүдделес жандарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі кездесудің тек студенттер үшін ғана емес Алматы мешіттеріндегі жамағаттары үшін де жаңа серпіліске себеп болады деген сенімдемін,-деді ректор Мухаммад аш-Шаххат.

Кездесу барысында қазақы дәстүрмен естелік сыйкәде табыс етіліп, екі тарап бір-біріне сәттілік тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары