Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Қайырымды жан жәннатқа жақын» атты  жаңа кітап жарық көрді
26 қазан, 2018 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  төл басылымы   «Иман» журналы  өткен жылы  «Сіз қайырымдылыққа қалай қарайсыз?»  деген  тақырыппен шағын әңгімелерге оқырмандар арасында бәйге жариялаған болатын. Сол жылы қазан айында бәйгенің жеңімпазы анықталып, оған кіші қажылыққа сертификат табысталған еді.  Қоржынымызға 200-ге тарта  материал түсті. Соның ішінен 38 әңгіме іріктеліп «Қайырымды жан жәннатқа жақын» деген атпен жеке жинақ «Dostar media group» баспасынан басылып шықты.

Құрметті кітап сүйер қауым! Халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі қайырымыдылықты бүгінгі өмір иірімдерімен байланыстыра отырып терең қаузаған, түрлі оқиғаларға құрылған  қызықты әңгімелерді оқығыңыз келсе   бізге хабарласыңыз! Байланыс тел:  87789487410,87001100637.    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары