Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
26 қазан, 2018 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында "Қыз-келіншектердің қоғамдағы ролі" тақырыбында республикалық форум өтті.

Форум қонақтары ҚР ҚДМ ҚКК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, РАТТ мүшесі А.Әбдірәсілқызы, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, PhD докторы, РАТТ мүшесі Ш.Әділбаева, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, Жамбыл облысы әкімдігінің "Оңалту орталығы" КММ директоры А.Сембекова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі, АТТ мүшесі Н.Аймаханова жәнк облыстық "Әйелдер-қыздар" секторының жетекшісі Л.Сыдықова студент жастарға және мешіт ұстаздары мен шәкірттеріне "қоғамдағы әйел ролі", "исламдағы әйел дәрежесі", "қазақ қызына тән көркемділік", "қыз баланың тәрбиесі", "ұлттық тәрбие мектебі" тақырыптары төңірегінде баяндама жасап, қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сыр сұлуларымен өткен сұхбат соңында форум қатысушылары түрлі сұрақтарға жауап іздеп, өзара ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бұдан кейін Сыр өңірінде елеулі үлес қосып жүрген ханымдарға басқарма басшысы Т.Маханов атынан тағайындалған алғыстар табысталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары