ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.
Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл толуына орай өткізілген сайыстың басты мақсаты жамағаттың ынтымақ-бірлігін арттыру, өзара толеранттылықты қалыптастыру.
Спорттық сайысқа облыс мешіттердің жамағаттарынан жасақталған 11 топ қатысып, төрешілердің шешібі бойынша жүлделі орындардың жеңімпаздары деп танылған:
І-орынды Абай ауылдық "Ақмолда" мешіті,
ІІ-орынды қалалық "Айтбай" мешіті,
ІІІ-орынды қалалық "Сұлтан" мешітінің командалары өкілдік тарапынан тағайындалған сертификаттармен және де қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер