Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти Сингапурдың «Халал сапа орталығының» басқарушы директорын қабылдады (ФОТО)
12 мамыр, 2016 жыл 261 Басып шығару нұсқасы
"Халал стандарттау саласы бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Малайзия мемлекетімен әріптестік байланыс орнаттық. Біз сіздермен де осы сала бойынша тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз", – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Сингапурдан келген делегацияны қабылдады.

Атап айтқанда, Сингапурдың «Халал сапа орталығының» басқарушы директоры Самад Салим, бас менеджері Сулайман Мастам Бас мүфтимен халал индустриясын дамыту, халал өндірісінің әлемдегі жай-күйі, екіжақты рухани байланысты жандандыру т.б. мәселелері төңірегінде пікір алысты.

Ресми кездесуде Бас мүфти халал стандарттау саласы бойынша Діни басқарманың соңғы уақытта қолға алған жұмыстары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, екі жақты тәжірибе алмасу, халал саласындағы байланысты арттыра түсу мәселелері талқыланды.

«Соңғы уақытта халал – индустриялық дамуға үлесін қосатынын, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне дейін тікелей әсерін тигізетінін әлем елдері мойындады. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетіп, халал стандарттау саласын дамыту жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір дін қызметкерлері арнайы бағдарлама бойынша оқыту курстарынан өтуде. Халал стандарттау саласы бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Малайзия мемлекетімен әріптестік байланыс орнаттық. Біз сіздермен де осы сала бойынша тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 41 кәсіпорынына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары