Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
РАНТ мүшесі АТЫРАУ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
22 қазан, 2018 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

Атырауға жұмыс сапарымен республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі  Смайыл Сейітбеков келді.

Сапар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі,  Маңғыстау облысының өкіл имамы, философия ғылымдарының кандидаты Смайыл Сейітбеков терроризм, экстремизм бабы бойынша істі болып, жазасын өтеп жатқан ерлер және әйелдер жамағатымен кездесті.

Сондай ақ, ұстаз  орталық «Иманғали» мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесіп, уағыз жүргізді. Құптан намазы алдында жүргізілген уағыз «Мұсылманның өзге мұсылмандарға құрметі» тақырыбына арналды.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бауырмашылық жайында: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол бауырына қиянат жасамайды және оны залымдарға тастамайды. Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді» деген.  Әділ қарым-қатынас жасау да,  қоғам тыныштығы үшін бұл басты талап болып саналады. Бұл жайында Құранда «Анығында, Алла адамдарды әділ болуға, жақсылық жасауға, ағайынға қарайласуға бұйырады. Арсыздықтан, тоң мойындықтан, азғындықтан тыяды» делінген. Бұдан шығатын қорытынды біреу. Әрбір мұсылман адамның өзі сияқты мұсылмандарға қарсы міндеттері бар, ақылары бар. Ислам діні ізбасарларына өз міндеттерін орындауларын бұйырып, оған ерекше көңіл бөлулеріне әмір етеді. Мұсылман адам өзгелердің ақыларына жауапкерлікпен қарауы керек» деген ұстаз Смайыл Сейітбеков мешіт жамағатын ауызбіршілікке, ынтымаққа үндеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары