Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ауыл имамдары апталық курске қамтылуда
20 қазан, 2018 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті қазан айының басталғалы  облыс көлеміндегі барлық қала, аудан, ауыл имамдарын арнайы кесте бойынша  біліктілігін арттыруға арналған апталық курсына қамтып оқытуда.  Оларға Құран,  Хадис тәпсірлері, Ақида, Фиқһ мәселелері, ислам тарихы пәндері бойынша  облыс-қала мешіттерінің білімді имамдары дәріс берді. Осы аптаның соңында үшінші кезектегі ауыл имамдары апталық курсын тәмамдап оқытушылар алдынан алған білімдерінен сынақ тапсырды.

«Біз бір кезекте 10-12 имам қабылдап бекітілген сабақ жоспары бойынша сабақ өткізудеміз. Олардың апта бойы жатар орны, ас-суын  «Мәшһүр Жүсіп» мешіті қанымдайды. Бұл үрдіс биылғы 2018-2019 оқу жылы бойы жалғасын табатын болады. Апталық курске толық үзбей қатысып, дәрістер барысында белсенділік танытқан имамдарға арнай сертификат табысталады»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары