Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылжардағы ҚМДБ-ның жүлдесі үшін V республикалық турнирге іріктеу жарысы
19 қазан, 2018 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастырумен палуандар арасында іріктеу сайысы өтті.

Қаладағы «Жастар» сарайында өткен белдесуге қала және аудандардан 15 кәсіпқой палуан қатысып, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Сайысты тамашалауға мешіт имамдарымен мешіт жамағаты қатысты. СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы палуандарға сәттілік тіледі. 

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орын алған Қалықов Ғизат пен ІІ орын иегері Нургожин Даурен Астанада өтетін қазақ күресінің V Республикалық турниріне жолдама алды. Ал, үшінші орын алған Еслямов Дауренге ақшалай сыйлық және сертификат табысталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары