Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: «Рухани келісім» күніне орай салтанатты шара өтті
19 қазан, 2018 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күніне арналған салтанатты шара өтті.

Келелі басқосуға «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры К.Шәмшәдин және қоғам қайраткері Қ.Шалабаев қатысты. Салтанатты шарада қалалық мәслихат депутаты К.Матыжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Осман және Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқай сөз сөйлеп,  өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, шараға «Әбу Ханифа» медресесі және Алматы бизнес колледжінің студенттері қатысып, келелі сұхбаттан рухани нәр алды.

Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы аталмыш «Рухани келісім» күнінің маңыздылығына кеңінен тоқталып, асыл дініміздің діндераралық татулық пен толенранттылыққа үндейтінін, өзара түсіністік пен төзімділікке шақыратынын айтып жеткізді.

Іс-шара барысында қаладағы діни ұйымдардың үздік қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда «Төле би» мешітінің Бас имамы К.Қоңыратбайұлына Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың Алғыс хаты табысталды.

Жиыннан соң діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері өзара татулықтық рәмізі ретінде «Рухани келісім күніне» арналған ағаш көшеттерін отырғызды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары