Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада 15 мың адамдық мешіт салынбақ
15 қазан, 2018 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Елордасы Астана қаласының ең көрікті жерлерінің бірінде 15 мың адам еркін сыятын мешіт салынбақ. Бұл туралы «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-нің бас сәулетшісі Арсений Пирожков мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін елорда әкімдігі жалпы ауданы 3300 гектар болатын қаланың болашақтағы құрылысының төрт перспективті аймағын бекіткен еді. Соның ішінде үшінші аймақ – Мәңгілік ел даңғылынан «Астана» халықаралық қаржы орталығына дейінгі аумақ. Дәл осы тұстан үлкен саябақ ашылып, жаңа мешіт бой көтереді деп жоспарланып отыр.

Сәулет басқармасы бір жағынан Мәңгілік ел даңғылы, ал, екінші жағынан Қабанбай батыр даңғылымен шектелетін саябақ жобасына байқау жариялады. Көлемі жағынан ол «Ботаникалық бақтан» кіші болады. Сонымен бірге саябақтың жанында 15 мың адамдық жаңа мешіт орналасады. Қаладағы ең үлкен мешіт те сол болады,-дейді А.Пирожков.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары