Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбелік палуандар республикалық турнирге жолдама алды
15 қазан, 2018 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Кеше Бас мүфти жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Ақтөбе палуандары арасында іріктеу сайысы өтті. Қаладағы «Жастар» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен белдесуге қала және аудандардан 15-ке жуық кәсіпқой спортшылар қатысты. Олар 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Сайысты тамашалауға Ақтөбе облысы бойынша қазақ күресінен тұңғыш спорт шебері Зейнолла қажы Төлеутаев, өкіл имам Төлеби Оспан, мешіт имамдары мен мешіт алқасы мүшелері, жамағат қатысты.

Палуандардың жекпе-жегіне Ақтөбе облысы қазақ күресі федерациясының жаттықтырушылары төрешілік етті.

Н.Иманғазин ақтық кездесуде шалқарлық спортшымен белдесіп, айқын жеңіске жетті. Ал Шалқар ауданынан келген М.Емжаров екінші орынға табан тіреді. Оларға есе жіберген ырғыздық палуан А.Әділбек ІІІ орынға ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған палуандарға мадақтама және 70 000, 50 000, 30 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақылар табысталды. Сондай-ақ, І, ІІ орын иегерлеріне Бас мүфти жүлдесі үшін белдесуге жолдама берілді.

«Нұр Ғасыр» мешітінің атынан қатысқан спортшы Жолмырза Əлiмжан ынталандыру сыйлығына ие болды. Бұдан өзге палуандар  сайысқа қатысып, салауатты жамағат қалыптастыруға үлес қосқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары