Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ДІН ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
10 қазан, 2018 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысты.

Бас мүфти съезд барысында Ислам әлемінің діни қайраткерлерімен сұхбаттасты. Атап айтқанда, ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Түркияның, Ресейдің, Өзбекстанның, т.б. елдердің мүфтилерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты.

Айта кетейік, съез жұмысының ашылу рәсімінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған хор «Ақ көгершін» әнін орындады. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда. Съездің мәртебелі мейманы - Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич.

Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы - «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін». Алтыншы съезд аясында «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаяси жағдайдағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер», «Дін жаһандануы: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында»  атты төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары