Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Дін көшбасшылары сенім дағдарысын еңсеруге үлес қосуы тиіс - ҚР Президенті
10 қазан, 2018 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Дін көшбасшылары сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеруге үлес қосулары тиіс. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде әлем елдерінің негізгі күш-жігері ынтымақтастыққа емес бәсекелестікке бағытталып отыр.

«Турасын айтсақ, бұл мүлдем қате, түйыққа тірелетін жол. Сондықтан біздің ортақ парызымыз - прогресс магистраліне оралуға жәрдем көрсету. Бұл жерде баяулауға жол жоқ. Жүздеген мың, милллиондаған адам туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр, сан жетпес көпшілігі із-түссіз жоғалады. Ғаламшардағы босқындар саны 65 миллионнан асып жығылды»,- деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жыл сайын табиғи апаттардың салдарынан 4 миллион адам кедейшіліктің кебін кисе, миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болатындығын баса айтты. Технологиядық даму қарқынды жүріп, жалпы әлемдік байлық арта түскенімен әлеуметтік ауыртпалық ауқымы да ұлғая түскенін атап өтті.

«БҰҰ мәліметтеріне сәйкес жер шары тұрғындарының 14 пайызы аштықта өмір сүруде. Жұмыссыздардың жалпы саны 190 миллион адамнан асып жығылды. Бұл капитализмнің құнарлы топырағы ретінде әлеуметтік теңсіздікті күшейтуде. Сондықтан қауіпсіздік пен әділ әлем басты мәселе саналады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның жұмыстарына белсенді қатыса отырып, Қазақстан адамзаттың дамуына кедергі келтіретін жаһандық проблемаларды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін анық және екіұшты ойсыз айтты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы әлемдік қауіпсіздікке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болмайтындығын баса атап өтті.

«Бүгінде барлығымыз, оның ішінде осы залда отырған діни және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеруге өз үлесін қосулары тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары