Ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жанындағы «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге қатысқан облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары заман талабына сай білікті маман болу керектігін алға тартып, көптеген мәселелерді талқыға салып, мақсаттарын айқындады. Жиында ұстаздар қауымы өзара кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, пікір-ұсыныстарын білдірді.
Шара соңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы ардақты жандарды мерейлі мерекесімен құттықтай келе, алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.
Пікірлер