Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ ҰСТАЗЫ – БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ (ФОТО)
09 қазан, 2018 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

Ұстаздар күні қарсаңында қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі республикалық Кеңесінің шешімі бойынша «Білім беру саласының үздігі» медалімен  ҚМДБ-на қарасты Павлодар қаласында орналасқан Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің директоры Аршабаев Серікбол Тілегенұлы  марапатталды.

Жеті бірдей қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған марапаттаушы коллегия оған құрметті атақты ұсынды. Мұндай атақ білім беру ісінде жеткен жетістіктері, білімі, еңбек өтілі, ұстаздық санаты, тәрбие беру мен оқу бағдарламаларын іске асыруда және жас ұрпаққа білім беру процесін ұйымдастырудағы елеулі табыстары үшін берілді.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Қоғамдық атақтар мен ма­рапат­тар жө­нін­дегі респуб­ли­калық ке­ңес­тің төрағасы, профессор Марат Тоқаш­баев бірқатар ұстаздарды алған марапаттарымен құттықтады.

«Білім беру саласының үздігі» атағымен қатар «Қазақ өнерінің қайраткері» медалімен ұлттық өнеріміздің лайықты тұлғалары да марапатталды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары