Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарттар үйіндегі 17 қарияға «Умра» қажылыққа жолдама берілді
03 қазан, 2018 жыл 195 Басып шығару нұсқасы

Алматыдағы қарттар үйіндегі қарияларға, Меккеге зиярат ету үшін 17 жолдама берілді. «Умра» қажылыққа, яғни, кіші қажылыққа барып қайту олар үшін тегін болады, деп Астана ТВ хабарлайды.

Мұндай мүмкіндікті жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып келген еді. Биылдан бастап жекелеген қайырымдылық қорлар да осы шараға ат салыса алады. «Ардагерлер үйі» деп аталатын қарттарға арналған мекемеде қазір 278 адам тұрып жатыр. Оның ішінде 5-уі Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Бұл мекеме толықтай мемлекет қарауына алынған.

Берік қажы ӘДИЕВ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОР ТӨРАҒАСЫ:

Біз енді жалғыз осы қарттар үйіндегілерге ғана емес, қаладағы көптеген төсек тартып жатқан ақсақалдарымыз бен апаларымызға барып көмектесеміз деген жоспар құрып отырмыз. Сосын біз көптеген кәсіпкерлерді осы біздің қор арқылы осы қарттар қауымына қайырмдылық көрсетуге шақырамыз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары