Жуырда «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі, докторант ғалым Бауыржан Әлиұлы уағыз айтты.
Бауыржан ұстаз мұсылманның асыл қасиеттерінің бірі – ұстамдылық турасында насихат айтты. Ислам дініне шақырудағы табандылық, өзге адамдармен мәміледегі ұстамдылық, байсалдылық секілді қасиеттердің мұсылман бойынан табылуы тиіс екендігін тілге тиек етті. Пайғамбар ﷺ мен сахабалар өмірінен мысалдар келтіріп, ашуын жұтып, әр ісін ақылға салып амал еткендерге берілетін Алланың сыйымен сүйіншіледі. Ақшам намазынан кейін болған уағызға 200-ге жуық жамағат қатысты.
Пікірлер