Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді
27 қыркүйек, 2018 жыл 113 Басып шығару нұсқасы

29 қыркүйекте «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады.

Жарыс Нархоз университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі. Спартакиада сағат 10:00-де басталады.

Оған тек мешіт қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталады.

Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары