Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарактағы тағылымды Тілдер күні
27 қыркүйек, 2018 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстан халықтарының тілдер күні жыл сайын тағылымға толы шаралармен аталып өтіледі. Студенттер туған тілдің қадірін, өзге тілдерді меңгерудің артықшылықтарын ұғынып қана қоймай, ата-бабаларымыздың даналығынан сыр шертіп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, өзге ұлттардың да өнер-мәдениеттеріне саяхат жасайды.

Қазақтың ақын-жазушыларының шығармалары оқылып қана қоймай, студенттер өз шығармашылығын ұсынды. Ұстаздар қауымы студенттердің өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарын жаудырды. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі филол.ғ.к., доцент Дариға Қапасова:

Қымбатты студенттер, шәкірттер, аяулы сіңлілер! Біз бүгін сіздерге ерекше тән болып отырмыз. Университетімізде білім алып қана қоймай, қыздарымыздың соншалықты өнерлі екендігіне көзіміз жетіп жатыр. Тарихи қойылымды қарап отырып көзіме еріксіз  жас келді. Әрі осыны ұйымдастырушы ұстаздар Нұрзия Мағазқызы, Гүлбану Суанбекова т.б. әріптестеріме орасан ризашылықпен бірге қызығушылығым күшейді. Өйткені мен ер балалар тобында дәріс беретіндіктен, қыздармен жұмыс істеудің артықшылығын осы мерекеде анық аңғардым, - деп ағынан жарылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары