Хабарландыру!!!
Құрметті талапкер!
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дайындық курсы 2018-2019 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. асығыңыз. Исламтану мамандығын таңдаушы шәкірттерге арналған Дайындық курсының оқу орталықтары білім алу, құлшылық-ғибадаттарға қолайлы, заманауи талапқа сай салынған. Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида, сира пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі: Исламтану мамандығына түсу үшін қажетті емтихандарға дайындық сабақтары беріледі. Дәрістерді Мысырдағы әл-Әзһар университетінің түлектерінен іріктелген білікті мамандар, ұстаздар және мысырлық ғылым докторлары дәріс береді. Яғни білім талапкерлері шет елге бармай-ақ Нұр-Мүбарак университеті аясында ислам ғылымын тереңдетілген бағдарламалармен меңгеруге жол ашылмақ.
Жылдық оқу ақысы: 70 000 тг.
Дайындық курсына орта білімі бар, жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына бойұсынушы талапты, қабілетті жастар қабылданады. Жатын орындары мен ас-тағамдары толықтай қамтамасыз етіледі. Құжаттар 10-қазанға дейін Нұр-Мүбарак университетінде қабылданады.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Академиялық қалашық» аялдамасы.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Өтініш;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;
- 063 үлгідегі егілу туралы анықтама.
- Мекенжай анықтамасы, наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.
Толық ақпарат мына телефондар арқылы біле аласыздар:
Мауленбаев Ғабит: 8747 1907191
Байділдаев Ерғали: 8777 8359393
Жұмабек Бекболат: 8707 5326893
Пікірлер