Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти Еуразия ұлттық университетінде студенттермен кездесті
24 қыркүйек, 2018 жыл 67 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерімен кездесті.

Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зеттеу» орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл кездесудің орны бөлек. Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының санатындағы университет қабырғасында оқып жүрген студенттерге жат пиғылды діни ағымдардан сақтанудың жолдары жайлы ақпарат пен дін мәселелері бойынша кеңес алуды қамтамасыз ететін мамандардармен байланыста болу керектігі сөз болды. 

Осы шараны ұйымдастырушы мекеме атынан «Дін проблемаларын зеттеу» орталығы басшысының орынбасары Марат Дәлелханұлы және Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті «Дінтану» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Кеңшілік Тышқан қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары