Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі діни сауат ашу курсына 600 шәкірт жазылды (ФОТО)
24 қыркүйек, 2018 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» ашылғалы бері оқу-ағарту саласы бойынша сапалы нәтиже көрсетіп, шәкірт тәрбиелеу жөнінен көш бастап келеді. Бүгінгі таңда еліміздің Бас мешітінен жыл сайын 500-ден астам шәкірт діни сауатын ашып, мұсылманша хат танып шығады. Білікті ұстаздар мен имамдардың қажырлы еңбегі арқасында «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі білім беру жүйесі бүгінде әбден қалыптасып, тіпті екі деңгейлі оқу сатысы енгізілген.

Күз басталысымен өтініш білдірген ынталы жандарды топ-топқа бөліп, іріктеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ай соңына сабақ кестесі де бекітіліп, Бас мешіттегі сауат ашу жұмыстары басталып та кетті. Айта кетейік, биылғы жылы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсына жалпы саны 586 шәкірт қабылданып отыр. Оның 325-і ер шәкірттер болса, 261-і – ақжаулықтылар.  

Мешіт қабырғасында шәкірттер тек арабша хат танып қана қоймай, «Үкім аяттарының тәпсірі», «Ақида сабақтары», «Сахабалар тарихы», «Құран қиссалары», «Ислам әдептері», «Фиқх», «Хадис сабақтары» бойынша дәріс алып, діни білім деңгейлерін арттыра түсетін болады. Сондай-ақ, шәкірттер қауымы үшін әр аптаның соңында «жексенбілік уағыздар» жүргізіліп тұрады. Бұған қоса, бір үйдің баласындай бірлік танытып, достық сезімдері нығая түсуі үшін спорттық шаралар ұйымдастырып тұру да қолға алынған.

Құрметті, шәкірттер! Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары