Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ БУРАБАЙДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
21 қыркүйек, 2018 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Бурабай баурайында осы заманғы сәулет өнерімен салынған еңселі мешіт ашылды. Айтулы оқиғаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз хазірет арнайы қатысып, мұсылман қауымға өзінің ақжарма тілегін арнады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мешіт салу аса тағылымды іс екенін атап көрсетті.

"Осы Бурабай жерінде азаттықты аңсаған алаштың алыптары, хандары мен батырлары бас қосып, елдік мәселелерді байыппен шешкен. Бүгінгі тәуелсіздік алған кезде бірлігіміз бен ынтымағымыздың мызғымас беріктігін паш ететін ұлық істердің жарасым табуы жақсылықтың нышаны. Имандылық үйі – мешіттің өзінің қайталанбас сипатымен салынған, сәулет өнерінің ерекше туындысы ретінде бой көтерген қуанышы сауабы мол іске жатады", – деді Бас мүфти Серікбай Ораз өзінің құттықтау сөзінде.

Бас мүфти ел алдында ғибратты уағыз айтып, жұма намазы оқылды.

Осы мешітті салған «BI GROUP» құрылыс корпорациясының бас директоры Жамбыл Жетпісбаевтың айтуынша, жүз елу орындық ғимараттың жалпы алаңы 1659 шаршы метрді құрайды екен. Мұнда мешітке тән барлық құлшылық орындары, кітапхана, білім беру орындары бар.

Мешітті салуға тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» қоры болып табылады. Бір атап өтерлігі, діни ғимарат осы заманғы сәулет өнерімен салынып, барлық инженерлік желілері, сыртқы бет бейнесі жаңа заман технологиясымен жабдықталған. Құрылысқа пайдаланылған өнімдер де экологиялық таза шикізаттар.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары