Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АҚТӨБЕДЕ ИМАМДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
20 қыркүйек, 2018 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Біліктілікті арттыру семинары қайта жанданды. 18-19 қыркүйек күндері облыстық дін істері басқармасы және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы бірлесе отырып, қала және аудан имамдарына семинар ұйымдастырды. Оған өкіл имамның жолдауымен 20 имам, сондай-ақ медресе шәкірттері де қатысты.

Шараның алғашқы күнінде облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Құлдыбаев Руслан семинар барысында діни біліктілік қана емес, заңдағы өзгерістер, заманауи қоғамдық үдерістер туралы тақырыптар да қамтылатындығын айта келе, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Өкіл имам Төлеби Оспан бірнеше жыл қатарынан жалғасып келе жатқан игі бастаманың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы ұйымдастырылған семинарларға 76 имам қатысып, біліктілігін арттырған.

Семинар қатысушыларына теологтар, құзыретті орган қызметкерлері мен психолог мамандар арнайы дәрістер жүргізіп, қоғаммен байланыс және жеке тұлғалармен сұхбаттасу, оңалту жұмыстарын жүргізу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісті. Шараға Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Жұмағұл мен Түркия Республикасы «Неджметтин Эрбакан» университетінен теолог, фиқһ ғылымының докторанты Шамшиев Озат Бейсенұлы арнайы шақыртылды. Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев және теолог Төлеген Талдыбаев та бірнеше маңызды діни тақырыптарды қамтып өтті. Семинардың соңғы күнінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары