Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти Сарыағаш ауданында арнайы сапарда
20 қыркүйек, 2018 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

18 қыркүйек 2018 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданында арнайы сапарда болып, аудан әкімі Қайрат Әбдуәліұлымен жеке кездесу өткізді.

Іс-сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданы орталық мешітінде өткен «Жат ағым – індет, онымен күресу баршаға - міндет» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Сонымен қатар, наиф мүфти бас болып облыстық наиб имамдар С.Моллатілеуұлы, Ж.Тәжімұратұлы, іс басқарушы М.Қалжанұлы, аудандық Ішкі саясат басқармасының мамандары, БАҚ өкілдері, Сарыағаш ауданы орталық мешітінде бас имам Б.Қалдаровтың ұйымдастыруымен өткізілген «Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным» атты имамдар семинарын өткізді.

Кезекті кездесуде наиб мүфти Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бостандық елді мекеніндегі «Новоабад» мешітінің жамағатымен кездесіп, бесін намазынан соң «Тәуелсіздіктің қадірі», «Тыныштық, бейбітшілік», «Ағымдар кесірі» тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Одан соң Сарыағаш ауданы «Сарыағаш медресе-колледжінде» болып, тыныс-тіршілігімен танысып, медресе ұстаздарымен, «Ұлдар» және «Қыздар» медресе шәкірттерімен кездесті.

Іс-сапардан соң Сарыағаш аудандық «Сәт» телеарнасында қонақта болып, арнайы сұхбат беріп, алдағы уақыттарда да мұндай сапарлар ұйымдастырылып тұратындығын айтып өтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары