Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ МҰРАЖАЙЫ МЕН КЕСЕНЕСІН АРАЛАДЫ(ФОТО)
17 қыркүйек, 2018 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Серікбай қажы  Ораз ойшыл, ғұлама Мәшһүр Жүсіптің кесенесінде болып, дұға жасап, Құран бағыштады.

Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Мәшһүр бабамыз жатқан кесенеде ашылған «Ескелді» мәдени-қонақүй кешеніндегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайын аралады.

Облыс әкімі Болат Бақауов ойшыл ғалымның рухани мұрасын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстрды.

Бас мүфти мұражайдағы арнайы кітапшаға Мәшһүр Жүсіптің мол мұрасы жайлы ой-пікірін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның бай әдеби мұрасы қазақ халқының рухани қазынасы екенін айтқан Серікбай қажы Ораз ғұламаның шығармаларын ағылшын, орыс тілдеріне аударып, бастырудың маңыздылығын атап өтті.

Он бес жасына дейін медреседе білім алып, мұсылманша хат таныған Мәшһүр Жүсіп (1858-1931) Қараөткел, Атбасар, Қаражар маңын жайлайтын Алтай-Қуандық, Тоқа елдерін аралап, халық қазынасы – ауыз әдебеті үлгілерін жинапты. Ат мініп, ауыл аралаған балаң жігіт қанжығасына қағаз толы қоржынын бөктеріп ап бүкіл жаз, одан күз бойына Солтүстік өңірін шарлайды, көп жайлардың куәсі болады. Халықтың ауыз әдебиетін жинауға деген әуесқойлығын бірте-бірте өмірлік мақсат-мұратына айналдырған Мәшһүр Жүсіп ел арасынан өзінің бала күнгі естіген ертегілерін, қисса-жырларын, жаңылтпаштарын, жұмбақтарын қағаз бетіне түсіреді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары