Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Таразда Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
12 қыркүйек, 2018 жыл 225 Басып шығару нұсқасы

Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да «Аманат арқалаған жан» деген тақырыпта батыр Бауыржан Момышұлының келіні, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» кітаптарының авторы, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының атынан орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйытқы болуымен бір топ әйел жамағаты мен шәкірт қыздар қазақы дәстүрлерді  насихаттаушы Зейнеп Ахметоваға осындай келелі сұхбаты үшін алғыс айтып, гүл шоқтарын табыс етіп, құрмет көрсетті. Кездесу барасында сырласып, естелікке суретке түсті.    

Кездесуде Зейнеп Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибесінен кеңінен әңгімеледі. Үш күнге жоспарланған кездесу ертең өңірдегі жоғарғы оқу орындарында жалғасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары