Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының имамдары 3 айлық семинар курсына қамтылды. Өкілдік діни мамандарды оқыту жобасын облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығымен» бірлесе жүзеге асырып отыр.
Білім жетілдіру курсына білікті ұстаздармен қатар, елімізге танымал исламтанушы мамандар дәріс беріп жатыр.
Оқу жоспары Құран оқу, ақида, шариғат негіздері және қажетті заң-ережелерді үйретуден тұрады.
«Оқуға қамтылған имамдардың жатар орны, ас-суы, ай сайынғы шәкіртақысы арнайы жоба бойынша мемлекет тарапынан төленіп келеді. Бұл мемлекетіміздің дін саласындағы мамандарды даярлауға жасап отырған үлкен қамқорлығы»,- деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.
Қазіргі таңда шілде айынан бері өңірдің аудандық, ауылдық қалалық мешіттердің 60-тан астам имамдары өз білімдерін көтеру курсында дәріс алуда.
Пікірлер