Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған қаласында «Рухани керуен» жобасының ІІ-кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі болды 
11 қыркүйек, 2018 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен және облыстық Дін істері басқармасының бастамасымен «Рухани керуен» жобасының ІІ-кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі «Рухани жаңғыру» орталығында болды.

2017 жылы бастау алған «Рухани керуен» жобасы өз нәтижесін көрсетті. Осы жоба арқылы жастарға дін мен салт-дәстүрдің егіз ұғым екенін түсіндірілді. Ұлттық сана мен ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртудың жолы ұқтырылды. Айта кетерлігі, «Рухани керуен» жобасы республикалық жобалар қатарына енгізіліп, өткен жылы үш ай бойы аудан орталықтарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесулерге, 12 бағыт бойынша 246 іс-шара ұйымдастыру мен оған 27032 адам қамтылуына зиялы қауым өкілдері мен өңірдің барлық имамдары жұмылдырылған болатын.

Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, Ислам дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, әрбір Қазақстан азаматының рухани санасын жаңғыртуды мақсат еткен игілікті шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы қолдау білдіріп, өз сөзінде ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді насихаттап, Ислам дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеп, отбасына, Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін оятатын «Рухани керуенде» халыққа ете жақын мешіт имамдарының алатын орны ерекше екендігін тілге тиек етті. Жалғасын тапқан игі шараға сәттілік тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары