Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Харекет» берекетке бастайды
10 қыркүйек, 2018 жыл 188 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұмада республикалық «Харекет» қайырымдылық қоры Орал қаласындағы тұрмыстық жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұтаж отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

Орал қаласындағы орталық мешіттегі жұма намазының алдында болған бұл шара барысында сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов: Осынау сауапты іске біраз батысқазақстандықтың қосқан үлесі бар. Яғни жерлестеріміз садақа беру арқылы көмекке мұқтаж жанұяның баспаналы болуына мүмкіндік жасады. Сол себепті көпшілік өздерінің жасаған игі істерінің жемісін шын мұтаж жандар көріп жатқанының куәсі болсын деген мақсатта қайырымдылық шарасы жұма намазының алдында ұйымдастырылып отырмыз.

Құрылғанына бір жыл енді болатын «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері Құлбековтер отбасына жаңа да жайлы пәтердің кілтын табыс еткен соң, бұл жас жанұяда таяуда ғана өмір есігін ашқан нәрестеге өкіл имам азан шақырып Темірлан деп ат қойды. «Сабақты ине сәтімен» демекші, сәбиге Ақсай мешітінің қызметкерлері мен жамағаты атынан бесік тарту етілсе, Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінен балаға арналған арба сыйға берілді. «Назар аудар» жайдарман тобы және өзге де қайырымды жандар бұл отбасына шаңсорғыш және үй шаруасына қажетті өзге заттарды ұсынды.  Қажылық сапардан келген, мешіттің «Ақсақалдар» алқасының мүшесі Қадырғали Қарағойшиев ақбатасын берді. Жаңа үйдің отағасы  Темірхан Құлбеков барша жанға отбасының атынан шын жүректен алғысын жеткізді.

-«Әр қазақ менің жалғызым» деген ұстаныма бар қорымыздың мақсаты – халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, яғни жетім-жесірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, жалғыз басты аналар сынды адамдарға үй немесе жер телімін алып беру, үй салуына көмектесу. Қорымыз бұл істі «1000 теңге – баспанаға!» деген айдары аясында өткізуде. Егер еліміздің әр азаматы қор шотына немесе кісі көп жиналатын жерлерде орналасқан (Орал қаласында 20 жерге қойылған) арнайы жәшіктерімізге ай сай сайын 1000 теңгеден салып тұрса, осындай баспана беруге мүмкіндік туады. Жиналған қаражатқа міндетті түрде есеп беріліп тұрады. «Харекет» ашылған он бір ай ішінде бүгін республикамыз бойынша 30-пәтерді, ал біздің облыс бойынша 2-пәтер беріп отыр. Бұл бағытағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,-дейді «Харекет» қайырымдылық қорының БҚО бойынша өкілдігінің қызметкері Теміржан Меңдешев.

Жұмадан кейін өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов Темірхан Құлбековтің  қоныс тойына  арнайы барып,  өнерлі жігіттер жырдан шашу шашып, лентасын қиып, жаңа үйге  қасиетті құран бағышталып, отбасынмен баянды болып, ұрпақтарын көп болсын, -деп дұғады.

«Харекеттің» үлгілі ісіне Алланың нұры жауып, игі жұмыстарына береке тілейміз. Қорға қолдау білдіріп, сауапты істерге атсалысамын, ақша аударамын деушілер үшін оның есепшоттарын жариялаймыз:

Каспий депозит: ИИН 720208401907

Каспий голд: 5169 4931 1417 0866

Каспий кошелек: 08.02.1972  87765002029

Киви кошелек: 87765002029

Халық банкі: 5354 5100 0423 7615

ИИН 720922403102 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары