Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС ИМАМ КОНФЕРЕНЦИЯДА ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ТУРАСЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
01 қыркүйек, 2018 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітаханасында, «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты тақырыпта Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

Бұл басқосуға қазақстандық белді дінтанушы ғалымдар мен студенттер, Алматы қалалық өзге дін өкілдері және Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысты. Олар тақырыпқа сай өз ойларын білдіріп, баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық, дінаралық дүрдараздықтың алдын алу мен өзара келісімге келудің жолдары айтылып, күрмеулі мәселелер ортаға тасталды. Әрі конференция барысанда біршама мәселелер өз шешімін тапты.

Конференция барысында сөз алған Алматы Орталық мешітінің Бас имамы «Исламдағы дінаралық келісімнің орны» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол өз сөзінде:

«Адамзат қоғамы өзара диалог жүргізуге аса бейілді. Тіпті жиырмасыншы ғасырда, диалог жеке көтеріліп, ең өзекті мәселе болып қарала бастады. Сонымен қатар бұл үрдіс барысында дінаралық диалог жолға қойылып, әлем халықтарының арасында келісім орнату мақсатымен түрлі шаралар өткізілуде. Соның айғағы ретінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында үш жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады. Бұл бастама әлем жұртшылығының тарапынан кең тұрғыда қолдау тауып отыр. Діні мен мәдениеті әртүрлі ондаған елдердің діни өкілдері қатысып келеді. Олардың арасындағы өзара сұхбат татулық пен түсіністіктің дәнекері екені бүкіл әлемге жария етілді» – деп бүгінгі конференцияның да бір мақсаты осында жатқанын айтты.

Әрі мұндай басқосулардың елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға жасалған сәтті қадамдардан екенін тілге тиек етті.    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары