Бүгін өкіл имам Төлеби Оспан қалалық орталық мешіттің Бас имамы Амантай Садиевке Алғыс хат табыс етті. Жуырда Ақтөбе қаласында өткен «Әдемі әуезді азаншы» атты ІІІ Республикалық азаншылар жарысының ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалысқаны үшін алғыс жариялап, ризашылығын жеткізді. Имамның отбасына амандық, ырыс-береке, алдағы қызметіне де жеміс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақтөбе өкілдігі алқа отырысын өткізді. Оған қала, аудан бас имамдары қатысты. Күн тәртібінде ЖАНТ, уағыз-насихат жұмысын жетілдіру, мешіттердің қысқа дайындығы, келер жылға газет-журналдарға жазылу науқаны, т.б. мәселелер көтерілді.
Пікірлер