Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылордада қайырымдылық марафоны өтті
30 тамыз, 2018 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Облыстық білім, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт басқармалары мен "Жомарт" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен "Мектепке жол" қайырымдылық марафоны - 2018" қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марафонға қатысушылар қаладағы ҚР Тұңғыш Президент саябағынан Сұлтан Бейбарыс, Тәуелсіздік, Есенов көшелері арқылы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионға дейін жүгіріп өтті.

Айта кетейік, көрсетілген көмектердің басым үлесі кәсіпкерлер мен бизнес-құрылымдар арқылы жасалынды. Шараның өткізілуі барысында үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытты. Аталған қайырымдылық марафонының өткізілуіне "Жомарт" қайырымдылық қоры зор үлес қосты.

Марафонға мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, қала тұрғындары белсенді қатысып, марафон жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Марафон қатысушыларынан жиналған қаржы көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылардың балаларына жұмсалады. "Мектепке жол" жалпыреспубликалық акциясы балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қолдау көрсететін игі шара.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары