Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Нұр Астана» орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті (ФОТО+ВИДЕО)
26 тамыз, 2018 жыл 463 Басып шығару нұсқасы

Жаңа оқу жылына орай бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде  «Мектепке жол» акциясы өтті.

Жыл сайын Астана мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды. Қала мешіттеріндегі «Мектепке жол» акциясы биыл «Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алды. Дәстүрлі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы Аташев Айбек Асқарбекұлы қатысып, жиналғандарды келе жатқан білім күнімен құттықтады.

«Мектепке жол» акциясы қала мешіттерінде жыл сайын өткізілетін акциялардың бірі. Былтыр Астана мешіттері 800 баланы мектепке дайындаса, биылғы жылы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін қосқанда 1200-ден артық баланы қамтып отыр. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары жаңа оқу жылына уақытылы дайын болсын, балалар қатарынан қалмай білім алып, болашақта еліміздің еңсесін тіктейтін, Мәңгілік елдің білімді, мәдениетті азаматтарынан болсын деген ниетпен, жомарт жандардың қолдауында атқарылып жатыр», - деді Асқар Әбітайұлы. Сондай-ақ, «Нұр Астана» орталық мешітінің осы бір игі бастамасына қолұшын беріп, сауапты іске атсалысып, қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдірді. 

Айбек Асқарбекұлы да іс-шараның мешіттердің атқарып отырған игілікті шарасына ризашылығын білдіріп алғысын айтты.

«Астана қаласындағы мешіттерінің атқарып отырған игі шарасы қоғам үшін қосылып жатқан үлес, ата-аналарға жасалған жақсылық, балалар үшін қуаныш деп ойлаймын. Діни бірлестіктер ішінде осындай салихалы бастамалар ұйымдастырып отырған дін қызметкерлеріне тек қана алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді Айбек Аташев мырза.

«Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын тауып, алдағы уақытта қала бойынша жалпы саны 1200-ден астам баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары