Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жамбыл облысы бойынша Құрбан айтта 4803 отбасыға ет таратылды (ФОТО)
26 тамыз, 2018 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

Құрбан айт – Алланың разылығына жеткізетін амалдар жасайтын мұсылмандардың ең қасиетті, ұлық мерекелерінің бірі.  Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы бар ол – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.   

Жылдағы үрдіске сай Жамбыл облысы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекенің негізгі жөн-жоралғыларын атқаруда орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастап, барлық қалалық, аудан, ауыл мешіттері де жақсы нәтижелер көрсетті.

Жалпы облыс бойынша, 63 ірі қара, 1073 ұсақ мал сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 4803 отбасыға сол құрбандық еттері үлестірілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары