Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан» мешіті 320 баланы мектепке дайындады (ФОТО)
25 тамыз, 2018 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, қасиетті жұма республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізіп, мұқтаж отбасылар баласын жаңа оқу жылына дайындады. Мешіт ашылғалы бері өткізіліп келе жатқан акция аясында биылғы жылы 320 оқушыға мектеп формасына қажетті қаражат пен құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер тарту етілді. Бас мешіттегі қайырымдылық акциясына «Уақып» қоры да өз үлесін қосып, 100 оқушыға мектеп сөмкесін сыйлап отыр.

Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, бүлдіршіндерге ақ батасын беріп, сыйлықтарды өз қолымен табыс етті. Сондай-ақ, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай мырза да оқушыларға ақ жол тілеп, бүгінгі шараның мән-маңызын арттыра түсті.

Айта кетейік, бүгінде бұл шара бұқаралық сипат алып, «Мектепке жол» атауымен еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы өңірдегі өкілдіктердің ұйымдастыруымен акция аясында 5000-нан астам оқушыға мектеп формасы мен сөмке толы құрал-жабдықтар тарту етіліп, қуаныш сыйланды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары