Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сауд Арабиясы қажылық маусымы аяқталды деп хабарлайды
24 тамыз, 2018 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті қос қала: Мекке мен Мәдинада қажылық маусымы аяқталды. Қажылық кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды деп хабарлайды Мина жазығында өткен пресс-конференцияда Сауд Арабияның Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі.

Әр елдің қажылары алаңсыз құлшылығын атқару үшін Ішкі істер министрлігінің адамдары ғана емес, азаматтық қауіпсіздік қызметкерлері мен өзге де қарулы күштер қызмет жасады. Медициналық қызметке жүгінген 10 мың төтенше жағдай тіркелді. Олардың дені күн өту, әлсіздік болды. Жедел жәрдем көмегінің керемет құрылған жүйесінің арқасында ауыр жағдаймен келіп түскен науқастарға да дер кезінде көмек көрсетілді.

Патшалықтың ресми хабарлауы бойынша, биылғы жылы Сауд Арабиясына 2 млн мұсылмандар келген. Олардың  90 %  өзге мемлекеттік мұсылмандар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары