Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде әлеуметтік баспананың құрылысы басталмақ
23 тамыз, 2018 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбеде салынатын медресе-колледждің кешенді ғимараты жобасында әлеуметтік баспана құрылысы да қарастырылған. Жалпы жобаға бөлінген 5 га жердің 30 сотық бөлігіне баспана салынбақ. Ол дін қызметкерлеріне, атап айтқанда, мешіт имамдары мен медресе ұстаздарына арналған.

Аталмыш баспана жобасын «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры жүзезе асырмақ. Кеше қор президенті Қайрат Айтбай және қала әкімі Ілияс Испанов құрылысқа бөлінген жер учаскесімен арнайы танысып қайтты. Онда құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды. Соның ішінде, құрылыс жұмыстарына жуық арада кірісу, білікті жұмыс тобын тарту мәселелері сөз болды. Қала әкімі Ілияс Испанов жоба жұмысына қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы бастамасымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бүгінде республика бойынша 350-ге жуық діни қызметкерге қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Соның ішінде, ақтөбелік 26 имам көмекпен қамтылып отыр. Ал қала әкімі Ілияс Испанов қазіргі уақытта қаладағы 5 діни қызметкерді қызметтік баспанамен қамтамасыз етіп отыр. Өкіл имам Төлеби Оспан ел ағаларына алғысын жеткізе отырып, игі бастамаларына сәттілік тіледі. Әлеуметтік баспана жобасының өңірге сырттан келген білікті діни кадрларды, жергілікті мамандарды да тұрақтандыруға, сондай-ақ, жанадан мамандар тартуға оң ықпалын тигізетіндігіне зор сенім білдірді.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары