Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астана жұртшылығы құрбан айт мерекесін тойлауда (ФОТО)
22 тамыз, 2018 жыл 293 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен таңғы сағат 7:00-де өкілдікке қарасты Астана мешіттерінде айт намазы оқылды.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналықтар сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен жүрді.  

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Ербол Мәмбетов жиналған жамағатқа Құрбан айт мейрамының қадір-қасиетін, құрбандық шалудың әдебін түсіндіріп, мерекелік уағыз, насихат айтты.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы барша жұртты мүбәрак мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Бұл күндер шамасы жеткен әрбір мұсылман баласы құрбан шалып, өзінің бойұсынуы мен шүкіршілігін әйгілейтін, тақуалық амалдар жасайтын күндер. Ендеше, бұл күндерді барынша жақсылықтармен безендірмек керек. Құрбан айттарыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін болғай! Шалған құрбандықтарыңызды Алла қабыл айласын!», - деп ақжарма тілегін білдірді.

Одан кейін жамағат орталық мешіттің бас имамына ұйып, мерекелік айт намазын оқыды. Жамағат Алла тағаланы тәкбірмен ұлықтап, Айт намазының құтпасына қатысты. Намаздан соң бауырлар бір-біріне құшақ жайып, «Алла қабыл етсін!» деп дұға-тілек жасады. Мешіт ақсақалы ортаға шығып ақ батасын берді.

«Нұр Астана» орталық мешітіндегі Құрбан айт мейрамы ары қарай «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесі мен ұлттық спорт шараларына ұласты.

Айта кетейік, бұл мерекеде екі амал орындау шарт: айт намазын оқу мен құрбан шалу. Биыл қала бойынша құрбан шалу рәсімі арнайы белгіленген 7 орында өтеді. Әр орында қасапшылар мен дұға жасайтын имамдар бар. Құрбан айттың үш күнінде ренжіскендермен татуласып, жастар үлкендердің үйлеріне сәлем бере барса, молынан сауап алады делінеді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары