Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Құрбан айтта қуандыр» жобасы басталды (ФОТО)
21 тамыз, 2018 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құрбан айтта қуандыр» жобасы бастау алды. Ұлық мейрам құрметіне орай мешіт қызметкерлері айт намазына жиылған жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтары мен құттықтау тілегі жазылған арнайы шар таратты.

Бұл шара, әсіресе, құлшылық ордасына ата-анасымен ере келген бүлдіршіндерге ерекше әсер етті. «Құрбан айт құтты болсын!» деген жазуы бар түрлі түсті шарлар шынымен де оларға бүгін мереке екенін сезіндіріп, құлшылық ордасынан қуанып қайтуларына септігін тигізді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырминнің бастамасымен жүзеге асқан бұл шара бесін намазынан соң Астана қаласындағы «Онкология орталығында» жалғасын табатын болмақ. Денесін дерт меңдеп, көңілдерін уайым басқан науқас жандардың көңілін көтеріп, мереке шуағын сезіндіру мақсатында мешіт қызметкерлері орталықты арнайы зиярат етіп қайтпақ.

Cондай-ақ, «Құрбан айтта қуандыр» жобасының кезекті бір бағыты – Астана қаласындағы Балалар үйінің тәрбиеленушілері болмақ. Тағдыр ауыртпашылығына ерте ұшыраған бүлдіршіндергі бұл күні мерекелік сыйлық ретінде тәттілер толтырылған қораптар тарту етіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары