Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мешітте Құрбан айт мерекесі басталды (ФОТО)
21 тамыз, 2018 жыл 270 Басып шығару нұсқасы

Күллі мұсылман қауымы сағына күткен қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгін Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы ұлық мерекені бастап та кетті. Таң қылаң берісімен құлшылық ордаларына қарай ағылған қалың жұртшылықтың қарасы көз тойдырып, көңіл сүйсінтеді.

Айт намазына асыққан Елорда жұршылығы үшін бүгінгі жаңбыр да бөгет бола алмады. Аумағы атшаптырым республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әдеттегідей ине шаншарлық орын қалмай, мешіт ауласы да иін тірескен мұсылман қауымына лық толды. Айт намазы алдында мешіт мінберіне көтерілген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ұлық мереке жайында уағыз айтып, жамағатқа ақпарат беріп өтті. Бұдан соң Бас мешіт жамағаты Бас мүфтиге ұйып, қасиетті Құрбан айт намазын оқыды. Айт намазынан мыңдаған мұсылман бауырларымыз тәкбір ташриқ айтып, Алланы ұлықтаған дауыстар құлшылық ордасын жаңғыртты. Намаздан соң жамағтпен бірге бата беріліп, еліміздің тыныштығы мен берекесін тілеп дұға жасалды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары