Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ
21 тамыз, 2018 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Құрбан айт қарсаңында Меккеде дүлей жел тұрып, қажылыққа келгендердің уақытша тұрағындағы шатырларды ұшырып әкетті. Желдің соңы нөсер жауынға ұласқан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. 

Ағабек Сыдықов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:  

-Аллаға шүкір, табиғаттың тосын осындай оқиғасынан біздің қажыларымыз ешқандай зардап шеккен жоқ.Діни басқарма жанындағы дәрігерлер тобы күн сайын, сағат сайын, сәт сайын қадағалап отыр. Қазір өзіңіз  көріп тұрғандай ауа райы жақсы тұрақты күн ашық. Дәл қазір Арафат жазығында ойпатында біздің қажыларымыз құлшылық жасап, елдің бірлігі үшін дұға жасауда.

Биыл 3 мың қазақстандыққа қасиетті Меккеге аттануға квота бөлініпті. Жел ұшырып әкеткен шатырлардың бәрі қалпына келтіріліпті.  Сауд Арабиясы үкіметінің  азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары мұсылмандық парызын өтеуге келген жандардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалғанын айтуда. Меккеде қазір 43 градус ыстық. Арапа күні яғни бүгін сонда жүрген күллі мұсылман қасиетті Қағбадан 20 шақырым жердегі тауға шығып, сайтанға тас атады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары