Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 1300 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
21 тамыз, 2018 жыл 195 Басып шығару нұсқасы
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен Алматы орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
 
Бұл шара аясында әлеуеттік аз қамтылған отбасылардан 1300 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері табысталып, Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай «Құрбан айт құтты болсын» айттық сыйлық қорапшалары үлестірілді.   
 
Шараға Алматы қаласының кәсіпкерлері, солардың ішінде, Алматы қаласы мәслихат депутаты, білікті кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов және «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры мен «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығы демеушіліктерін көрсетті. Бұл игілікті іске Алматы қаласы мешіттерінің имамдары да өз үлестерін қосып, айлықтарының 10 пайызын қайырымдылыққа жұмсады.     
 
Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы бұл шараның мән-маңызы жайлы: 
«Дінімізде әрбір мұсылман ер мен әйелге білім алу парыз делінген. Құранның алғашқы түскен сөзі де «оқы» аятымен басталады. Сондықтан да, мектепке жол алған қадірменді оқушыларға «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген сөзді әрқашан жадында ұстап, еліміздің ертеңіне берік кірпіш болып қалануларын тілеймін! Алар асуларыңыз  бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!     
Сонымен қатар, еліміздің болашағы болған жастарымызға әрқашан осылай қолдау білдіріп, оларға қамқорлық жасау әрбір қазақ азаматының, «мен – мұсылманмын» деген адамның міндеті, қасиетті борышы екені даусыз. Бүгін біз соның жарқын мысалына куә болып отырмыз. Мінеки, жас бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлап, мектепте сапалы білім алуына жағдай жасап беріп отырған кәсіпкер азаматырмызға Алла разы болсын!» – деп жүрекжарды тілегін білдірді.           
 
Одан әрі Алматы қаласы Дін істер басқармасының басшысы Айдар Есенбеков аталмыш шараға құттықтау сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына келелі кеңестерін айтты.
Осындай игілікті істің басы-қасынан табылып жүрген Қайрат Құдайбергенов те балалармен өзінің бала кезден көрген қиындықтарымен бөлісіп, өмірде жақсы азамат болып қалыптасу үшін үнемі ізденіп, тынбай еңбектену керектігін ұқтырды.
 
Ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға ақжарма тілектерін арнады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары