Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырауда қалалық Сұлтан Бейбарыс мешіті пайдалануға берілді
18 тамыз, 2018 жыл 281 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні мұнайлы мекенде Атырау қалалық Сұлтан Бейбарыс мешіті салтанатты түрде ашылды. Мұсылман әлемінің ұлық мейрамы – Құрбан айт қарсаңында пайдалануға берілген мешітті жұртшылыққа жергілікті кәсіпкер Ерекешовтер әулеті сыйға тартты.

Жергілікті  жұртшылықты құттықтаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Алла үйінің имандылықтың, руханияттың ордасына айналарына сенім білдіріп, Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді. Артынша жергілікті жұртшылыққа жаңа мешіттің бас имамы Ержан Қағазғалиевты таныстырып, Құран Кәрімді сыйға тартты.

«Сұлтан Бейбарыс мешіті Атырау қаласындағы жетінші мешіт болып отыр. Бұл Атырау жұртшылығына ғана емес, барша мұсылман қауымға жасалып отырған ерекше жағдай. Елімізде дінді өркендетуге барлық мүмкіндік жасалуда»,- деп атап өтті Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев.

Атырау қаласының Азия беткейінен ашылған Сұлтан Бейбарыс мешіті жанынан мұнара тұрғызылып, күмбездер орнатылатын болады. Қос қабатты ғимараттың сыйымдылығы 1500 адамға шақталған. Ғибадат үйінде Құран оқитын бөлме, ерлер және әйелдер залы, мешіт мамандарының қызметтік бөлмелері бар. Сондай ақ, мешіт ауласынан дәрет алуға мүмкіндік жасалған. Мұнда ерлерге арналған он алты, әйелдерге арналған алты кабина бар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары