Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ӨКІЛ ИМАМНЫҢ ЫРҒЫЗҒА САПАРЫ: Ауыл мешітіне молда тағайындалды
13 тамыз, 2018 жыл 306 Басып шығару нұсқасы

Кеше өкіл имам Төлеби Оспан жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды. Ауданның бас мешітінде тақырыпқа сай жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді. Аудан имамы Әділбек Тұяқбаев ауданда атқарылып жатқан діни іс-шараларды баяндап, мешіттің тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстырды.

Сондай-ақ, өкіл имам аудан жамағатымен, ақсақалдарымен кездесті. Сұхбат барысында мешіттің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, жергілікті халықтың діни сауаттылығын жақсарту бағытындағы жұмыстар және жамағаттың игі іс-шараларға етене араласуы жайы сөз болды. Жамағаттың ұсыныс-тілектері тыңдалып, бірқатар сауалдарына жауап берілді.

Сапардың жалғасында өкіл имам ауданға қарасты Құрылыс елдімекенінде болды. Ауыл мешітіне бас сұғып, мұндағы жұмыс барысымен танысты. Бас мүфтидің бұйрығымен Қази Шағанов есімді азамат аталмыш мешітке молда болып тағайындалды. Өкіл имам Төлеби қажы Оспан жаңадан тағайындалған ауыл молдасын мешіт ақсақалдарына таныстырып, қолдау көрсетуге шақырды. Соның ішінде, имамды тұрақтандыру, әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу жолдары талқыланды. Үлкендер ақ тілек, батасын арнап, имамның қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мешіт жұмысын жақсарту, жамағатты жақсы істерде ұйыстыру бағытындағы шараларға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары